Ұшықтау, аптау, аластау

lat: Ushyqtaý, aptaý, alastaý.

Ескі наным бойынша, індетті қуып шығарудың ырымын жасау, емдеу. Тұр, балам, тысқа шыға көр, қара сумен ұшықтап қояйын (Е. Тұрысов). Әжем әрдайым сиырдың желіні іссе болғаны, аптап жіберетін-ді («Қаз. әдеб.»). Аурулар- ды, ауырғандарды отпен аластап, сумен емдеуге үлкен мән берген («Қаз. әдеб.»).